14 Шілде 2026, Сейсенбі 29 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:18
Бесін 12:25
Екінті 17:55
Шам 20:29
Құптан 22:22

Ризық – ұмтылғанға емес, шүкір еткенге келеді

Ризық – ұмтылғанға емес, шүкір еткенге келеді

Хасан әл-Басри: «Менің ризығымды ешкім ала алмайтынын түсіндім, сондықтан жүрегім тынышталды».


Имам Шафиғи: «Кім ризық күшпен келеді десе, тырнақтай торғай бүркіттен бір дастарқанда отырып алмас еді».

Шейх Шағрауи: «Саған жазылған нәрсе — әлсіз болсаң да табасың. Саған жазылмаған нәрсе — күшің тасып тұрса да тимейді».

Бірақ біз көбіне ризықты ақша мен байлықпен өлшейміз. Бұл — түсінікті тарылту, рухани байлықты ұмыту. Ал шын мәнінде, ризық — тек қалтадағы тиын емес, ол — жүректегі тыныштық, денеңдегі саулық, жанұяңдағы жылылық, өміріңдегі бейбіт күн.

Мейірімді жар — ризық.
Жақсы бала — ризық.
Денең сау — ризық.
Ұйқың тыныш — ризық.
Анаң мен әкең аман — ризық.
Саған күлген күніңнің өзі — ризық.

Кейде біз өзімізде бардың қадірін білмей, барлығын жоғалтқан соң ғана түсінеміз. Ал шындығында, сенің бүгінгі тынысың — біреудің арманы.

Ризық — бұл тек тағдырдағы үлес емес, ол сенің жүрегіңнің кеңдігіне байланысты. Кейде Алла саған ақшамен емес, жақсы адаммен, тыныш ұйқымен, аман отбасымен ризық береді. Сондықтан өз өміріңді өзгенікімен салыстырма.

Әр адамның несібесі — өзіне жазылған. Біреуге көп берілгені — саған аз тигенін білдірмейді. Бәлкім, сенде бар нәрсе — оның қол жетпегені шығар.

Өмір — жарыс емес.
Өмір — сынақ.
Ризық — ұмтылғанға емес, шүкір еткенге келеді.

Сол үшін бүгіннен бастап: «Неге аз?» деп емес, «Міне, осының өзі жетеді!» деп айт. Сонда ғана Алла саған барды көбейтеді, себебі ризықтың сыры — разылықта.

материал «Сен керексің!» кітабынан алынды, 

ummet.kz