28 Шілде 2026, Сейсенбі 14 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:28
Бесін 12:26
Екінті 17:46
Шам 20:13
Құптан 22:14

Пайғамбарға (с.ғ.с) Жәбірейілдің (ғ.с.) үйреткен сөздері

Пайғамбарға (с.ғ.с) Жәбірейілдің (ғ.с.) үйреткен сөздері

Əзірет Фатиманың мінезі өте сыпайы, бітім-болмысы ерекше жан еді. Зеректігімен əр нəрсенің астарын терең ұғатын. Жомарт, дархан, кешірімді жəне батыл болатын. Озбырлыққа мүлдем жол бермейтін, бірақ ешқашан тəкаппарланып, мақтанған емес.


Алла елшісінің айналасындағы адамдардың ең жақсы қасиеті өтірік дегенді білмейтін. Өтірік пен иманның бір жүректе болуы да мүмкін емес. Туралық, шынайылық олардың нағыз табиғи болмысы еді. Тек əзірет Фатима ғана емес, əзірет Али де өтірікті жек көретін. Күнделікті тіршілікте бола қалатын келеңсіз жағдайлардың өзінде ешқашан бір-біріне өтірік айтпаған.

Фатима анамыз жұбайын қуантуды ғибадат деп санаған, əйелдік міндеттерін беріліп атқаратын. Əзірет Али жорықтан, соғыстан кейде жараланып оралатын. Ондай кезде əзірет Фатима күйеуін жылы жүзбен қарсы алып, жарасын таңып, бар жағдайын жасайтын. Əзірет

Али бір сөзінде былай деген: «Үйге шаршап келгенде, Фатиманы көріп, барлық қайғы-мұңымды ұмытып кететінмін». Əзірет Али мына бір оқиғаны баяндайды: «Фатиманың үй шаруасынан шаршайтынын байқайтынмын. Менің де əрдайым құдықтан су тартудан денем ауыратын. Аз да болса жұмысын жеңілдету үшін бір күні Фатиманы қызметші сұратып Алла елшісіне жібердім. Фатима Алла елшісіне барған кезде, Расулалла бір кісілермен сөйлесіп отырғанын көріп, еш нəрсе айта алмай қайтып кетеді. Ертеңіне тағы да барды. Алла елшісі оған:

‒ Бір нəрсе айтайын деп пе едің? Бірдеңе керек пе еді? – деп сұрайды.

Фатима: «Жоқ, жай сəлемдесу үшін келдім», – деп ұялғаннан бұйымтайын айта алмапты. Мұны маған айтқан соң,

Фатиманы ертіп Алла елшісіне бардым:

‒ Уа, Расулалла! Су тарта-тарта денем ауырады, – дедім. Фатима да менің сөзімнен кейін батылданып:

‒ Менің де ұн тартудан қолым ауырады. Біресе қамыр илеуге жүгіремін, біресе нан пісіруге жүгіремін. Тұтқындардың бірін қызметші етіп берсеңіз, – деді.

Алла елшісі:

‒ Уаллаһи, аштықтан қиналған суффа сахабалары тұрғанда, сендерге қызметші бере алмаймын. Бүгін оларға беретін ештеңе таппадым. Мына тұтқындарды сатып ақшасын соларға беремін, – деді де, ‒ Жəбірейілдің маған үйреткен біраз сөздерін сендерге үйретейін. Түнде жатар кездеріңде 33 рет Субханаллаһ, 33 рет Əлхəмду лиллаһ, 34 рет Аллаһу əкбар деңдер, – деді. Уаллаһи, сол күннен бері осы тəсбихтерді еш тастаған емеспін» (Бұхари, Фəдаилу асхабин нəби, 9, Дағауат 11; Мүслим, Зикр, 80).

материал «Фатима (р.а) анамыздың өмірі» кітабынан алынды, 

ummet.kz