28 Шілде 2026, Сейсенбі 14 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:28
Бесін 12:26
Екінті 17:46
Шам 20:13
Құптан 22:14

Имам Ғазали (р.а): «Қалағаныңды істе. Бірақ, бір күн есебін бересің!»

Имам Ғазали (р.а): «Қалағаныңды істе. Бірақ, бір күн есебін бересің!»

Имам Ғазали (рахимаһуллаһ) да былай насихат айтқан:


«Ей, балам! Қалағаныңша өмір сүр. Бір күні келеді өлесің! Қалағаныңды сүй. Бәрібір айрыласың! Қалағаныңды істе. Бір
күн есебін бересің! Ей, балам! Мақсатың - рухыңды кемелдендіруге, нәпсіңе ие болуға, тәніңді өлімге дайындауға әрекет жасауың керек. Өйткені соңғы аялдамаң қабір болады. Қабірдегілер «қашан келесің?» деп күтіп тұр. Ол жерге «азықсыз барам» деп ойлама!»

Омар бин Абдулазиздің соңғы хұтбасындағы насихаттарының бір бөлігі мынадай еді: «Ей, Адамдар! Қорқынышты ақырет – айбарлы. Жәләл (айбарлы) сырына ие болған пайғамбарлар мен ұлық періштелердің өзі сол жаза күнінің айбарынан қорқады. Құдайдың жәләл сипатының алдында кім шыдай алмақ? Сонымен қатар Алланың шексіз кең рахымы бар. Сондықтан үмітсіздікке салынбаңдар! Және ертең махшарда амандықта болу, бүгін Алладан қорқып, күпірліктен сақтанып, мәңгілікті фәниге айырбастамаған адам үшін екендігін жақсы білгейсің. Керісінше әрекет жасағандар алданады. Олар өмір байлығын лайықты емес істерге жұмсайды. Сөйтіп, соңында құр алақан қалады.

Бүгін, өткеннің орнына сендер келдіңдер. Әлбетте, сендердің де орындарыңды басқалар басады! Келгендер кетіп жатқанын көріп тұрсыңдар. Кеткендер қайтып оралмайды. Бұл – еріксіз бағдар. Жаратылыстағы бұл ағыс Алла Тағала жаққа қарай ағады. Араларыңнан бөлініп, ақыретке кетушілерді күн сайын ақтық сапарға шығарып саласыңдар. Мәңгілік дем алатын орындарына апарып тастайсыңдар. Осылардан еш ғибрат алмайсыңдар ма? Оларды қара топырақтың астына төсексіз, жастықсыз, жалғыз, оңаша тастап кетесіңдер. Өлімнің ащы дәмін татқан сол фәнилердің халі қандай аянышты әрі ғибратты жағдай десеңіз ше!. Олар беймәлім бір тылсым әлемге кеткен. Сүйгендерінен айырылған.

Бұл өткінші өмірдің ғапылдығынан оянып, ақиқатты көрген. Бірақ, бәрі де бітіп, болар іс болып, құс ұядан ұшып кеткен еді. Орнына әкелетін себептер қолдан шыққан. Қолдарында жақсы амалдарынан басқа ештеңе қалмаған. Сол жаза күні күнәлары көз алдында үлкейіп, қайғыға толы халімен өз соңын күтеді. Аянышты жағдайда басына келетін махшардың қорқынышынан үрейленеді».

Өлім басқа бір әлемде оянуға және ақиқатқа көз жеткізуге себеп болады. Алайда ол әлемдегі оянудың ешбір пайдасы болмағандықтан, өлмей тұрып, надандық пердесін жыртып, ояну қажет. Өлімді ойлау – мүридті ашкөздіктен, дүниеге бет бұрудан және нәпсінің әр түрлі әуестіктерінен қорғайтын құрал. Тасуууфтың негізгі мақсаты нәпсіні жеңу болғандықтан, өлімді ойлау әрбір тариқатта осы мақсатта қолданылатын тәсілдің бірі болып табылады.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды, 

ummet.kz