29 Шілде 2026, Сәрсенбі 15 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:30
Бесін 12:26
Екінті 17:45
Шам 20:11
Құптан 22:13

Сейсенбі күніне арналған салауат бөлімі

Сейсенбі күніне арналған салауат бөлімі

Аллаһым, Сенен білгендеріңнің жақсысы мен білгендеріңнің жамандығынан пана сұраймын. Әрбір білгендерің үшін кешірім сұраймын, өйткені Сен білесің, біз білмейміз. Сен ғайыптың Иесісің.


Аллаһым, мені мына заманымнан, жанжалдың қоршағанынан, күштілердің маған басымдылығын өткізіп, мені әлсіздендіруінен Өзіңнің қамқорлығыңа ал.

Аллаһым, мені барлық жаратылысыңнан ажалыма аман-есен жеткенше Өзіңнің амандығыңда, бекем қамқорлығың мен қол жетпейтін қамалыңда сақтай гөр.

Аллаһым, мырзамыз Мұхаммедке және мырзамыз Мұхаммедтің отбасына оған салауат айтқандардың санындай салауат айт.

Мырзамыз Мұхаммедке және мырзамыз Мұхаммедтің отбасына оған салауат айтпағандардың санындай салауат айт.

Мырзамыз Мұхаммедке және мырзамыз Мұхаммедтің отбасына оған салауат тиісті болғандай салауат айт.

Мырзамыз Мұхаммедке және мырзамыз Мұхаммедтің отбасына оған салауат айтылуы міндет болғандай салауат айт.

Мырзамыз Мұхаммедке және мырзамыз Мұхаммедтің отбасына оған салауат айтуды бұйырғаныңдай салауат айт.

Нұры нұрлардың нұры болған, сырының шуағымен сырлар нұрланған мырзамыз Мұхаммедке және мырзамыз Мұхаммедтің отбасына салауат айт.

Таңдаулылардың ішінде (періштелердің элитасы) қиямет күніне дейін салауат айт.

Аллаһым, мырзамыз Мұхаммедке және мырзамыз Мұхаммедтің отбасына және оның барлық ізгі әулетіне салауат айт.

Аллаһым, нұрларыңның теңізі, сырларыңның қойнауы, дәлелдеріңнің тілі, мемлекетіңнің ханзадасы, құзыретіңнің имамы, пайғамбарларыңның мөрі, даңым өзіңдей болатын және өзіңдей мәңгі бақи қалатын мырзамыз Мұхаммедке салауат айт.

Сені (өзіңді) және оны разы қылатын, оның артынан ергендерге бізге разы болатындай салауат айт.

Иә, мейірімділердің Мейірімдісі.

Аллаһым, адал мен арамның, харам етілген ұрандардың (Муздалифа), харам етілген үйдің және мақам мен бұрыштың (рукін) Раббысы, мырзамыз және төреміз Мұхаммедке біздің атымыздан сәлем жеткіз.

Аллаһым, соңғылар мен алғашқылардың төресі, мырзамыз және төреміз Мұхаммедке салауат айт.

Аллаһым, мырзамыз және төреміз Мұхаммедке әрбір уақыт пен сәтте салауат айт.

материал «Жақсылықтың дәлелі» кітабынан алынды,

 ummet.kz