09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көкесі Әбу Тәліпке айтқаны

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көкесі Әбу Тәліпке айтқаны

Бәйхақи былай риуаят етеді:

«Әбу Тәліп Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жиенім! Маған сенің қауымыңның адамдары келді. Біраз нәрселер айтты. Мені де, өзіңді де қинамасаңшы, көтере алмайтын шоқпарды белге байлап қайтеміз?! Жұрт қаламайтын сөздерді оларға айтпай-ақ қойсаң болмай ма?» – дейді. Алла расулы көкесінің көзқарасының өзгергенін, қолдау көрсетуге қиналатынын, ендігі жерде өзіне сүйеніш болудан бас тартатынын ойлап: «Көке! Оң қолыма күнді, сол қолыма айды ұстатса да, мен бұл ісімнен бас тартпаймын. Не Алла дінін жеңіске жеткізеді, не болмаса мен осы жолда шыбын жанымды қиямын», – деді көзі жасаурап. Осыны айтып, бұрылып кетіп бара жатқанда, Әбу Тәліп: «Жиенім! Бері кел!» – дейді. Алла расулы қайтып келеді. Әбу Тәліп оған: «Бопты, ісіңді жалғастыр. Сені ешкімге де бермейтіндігіме ант етемін», – дейді (Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/42).

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz