24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Оның (с.ғ.с) жымиысы – сахабалары үшін шипа еді

Оның (с.ғ.с) жымиысы – сахабалары үшін шипа еді

Алла елшісі (с.ғ.с) адамдарға әрқашан жылы қабақпен қарап, күлімсіреп сөйлейтін.

Оның жымиысы – сахабалары үшін жүректерді тыныштандыратын шипа еді. Жәрир ибн Абдулла (р.а) айтады: «Мұсылман болған күннен бастап Алла елшісі (с.ғ.с) ешқашан мені есігінен тоспады. Әр жолы кездескенде, міндетті түрде күлімдеп қарсы алатын» (Тирмизи). Бұл – Оның әрбір адамға ерекше көңіл бөлуінің белгісі.

Дарда-Уммуд айтады: «Әбу Дарда әңгіме айтқанда үнемі күлімсірейтін. Мен одан: “Адамдар сені ақымақ деп ойлап қалмай ма?” – деп сұрадым. Ол: “Мен Пайғамбарымызды (с.ғ.с) әрқашан әңгімесін күлімсіреп айтқанын көрдім. Мен де соған еліктеймін” – деді» (Ахмад). Демек, Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  күлкісін де тәрбиенің құралына айналдырды. Оның күлімсіреуі сахабаларын қуанышқа бөлеп, әрбір кездесуді мейірімге толтыратын.

материал «Бұл Алланың елшісі» кітабынан алынды,

ummet.kz