24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Бесін 12:22
Шам 19:23
Құптан 21:02

Мешітке келушінің негізгі құқықтары

Мешітке келушінің негізгі құқықтары

Мешітке келуші төмендегі құқықтарға ие:


2.1. Мешітте құлшылық жасауға;
2.2. Құран Кәрім сүрелерін оқуды үйренуге, діни сауатын ашуға (өтініш негізінде);
2.3. Мешіттегі кітапхана, Құран оқу және ғибадат бөлмелерін тегін пайдалануға;
2.4. Мешіт аясында өтетін діни және мәдени іс-шараларға, дәрістерге, мәжілістерге, байқауларға, сондай-ақ үйірмелерге қатысуға;
2.5. Мешіттің ұйымдастыруымен өтетін спорт секцияларының жұмысына, жарыстарға, денсаулық күніне арналған және т.б. іс-шараларға қатысуға;
2.6. Айтылатын уағыздар мен оқытылатын дәрістер бойынша жауапты қызметкерлерден кеңес алуға;
2.7. Ерекше жетістіктері мен мешіттегі оқу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін марапатталуға;
2.8. Мешіт әкімшілігі ұсынған курстарды таңдауға.

 

материал «Пәтуалар жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz