02 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі 20 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:24
Бесін 12:19
Екінті 16:58
Шам 19:03
Құптан 20:37

Қолы ұзын, дауыс көтере беретін әке – жаман бақташы

Қолы ұзын, дауыс көтере беретін әке – жаман бақташы

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына былай деді:

– Ең жаман бақташы – қатты адам!

Біз, бәріміз – бақташымыз. Отбасымызды, бала-шағамызды, бізге тапсырылған нәрселерді бағамыз, қараймыз, күзетеміз.

Қатты адам дегеніміз – өз қол астындағыларға, қарауындағыларға мейірімі жоқ адам.

Қолы ұзын, дауыс көтере беретін әке де – жаман бақташы.

Қатігез бастық, көп жаза беріп, кейде ғана кешіре салатын басшы да – жаман бақташы.

Жауыз директор, жұмысшылардың ар-намысын аяқ асты ететін, сыйламайтын – жаман бақташы.

Тілі ұзын, сөзі көп отанасы да – жаман бақташы.

Ата-анасын тыңдамайтын, ісі де, сөзі де оларға қарсы бала – жаман бақташы.

Уа, Алла! Жүрегімізді жібіт! Мінезімізді түзуле! Жаман бақташы болудан өзің сақта!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz