12 Қазан 2026, Дүйсенбі 1 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:27
Бесін 12:06
Екінті 15:42
Шам 17:33
Құптан 18:59

Көлікке мінерде оқылатын дұғалар

Көлікке мінерде оқылатын дұғалар

Теңіз, құрлық және әуе көліктеріне мінерде мына дұғаны оқыған кісі әр түрлі апаттан аман болады:


Оқылуы: «Бисмилләһи мәжреһә уә мурсәһә иннә рабби лә-ғафурур-рахим» ("Худ" сүресі, 41).

Мағынасы: «Оның ішіне, жүзгенде және тоқтағанда Алланың атын айтып мініңдер. Еш күмәнсіз, Раббымның кешірімі мол, ерекше мейірімді».

Бұған қоса теңіз, құрлық және әуе көліктеріне мінерде мына дұғаны оқудың да көптеген пайдалары бар, оқыған кісі түрлі қауіп-қатерден ұзақ болады:

Оқылуы: «Аллаһуммә бихубби зәтикә тәхассаннә йә аллаһу лә иләһә иллаллаһу сәйидунә мухаммәдун расулуллаһи хаққан уәсидқа».

«Теңізге батып бара жатқан кемедегі адамдар барлығы бірдей “Йә хаййу йә қаййум”, – десе, кеме батпайды, бата алмайды».

Көлікте Құран кәрім және әурад шәрифә оқылмайды. Өйткені ол жерде жүніп немесе хайыз адамдар болса, руханият разы болмай апатқа себеп болуы мүмкін.

материал «Дұғалар жинағы» кітабынан алынды, 

ummet.kz