15 Қазан 2026, Бейсенбі 4 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:32
Бесін 12:05
Екінті 15:36
Шам 17:27
Құптан 18:53

Көкіректің шүкірі – асты тамаққа, үсті білімге толу

Көкіректің шүкірі – асты тамаққа, үсті білімге толу

Бірде сахабалардың көзін көрген табиғин Әбу Хазимге (Алла оны рахымына алсын) былай деп сұрақ қойылады:


– Ей, Әбу Хазим! Екі көздің шүкірі не?

– Екі көздің шүкірі – көрген жақсылығыңды айтып, жамандығыңды жасыру.

– Екі құлақтың шүкірі не?

– Екі құлақтың шүкірі – жақсылықты естіп, одан жақсы ой түюің, жамандықты естіп, одан барынша алыстауың.

– Екі қолдың шүкірі не?

– Екі қолдың шүкірі – ол екеуіне тиесілі болмағанды тәрк етіп, ол екеуіне тиесілі болғанды ғана алу.

– Жыныс мүшенің шүкірі не?

– Оның шүкірі – оны тек өзіңе адал болған жарыңа ғана пайдалануың.

– Көкіректің шүкірі не?

– Көкіректің шүкірі – асты тамаққа, үсті білімге толу. Кімде-кім тек тілімен шүкір етіп, басқа дене мүшесімен шүкір етпесе, киімнің тек бір шетін ғана кигенмен тең. Ондай адам бұл ісімен ыстыққа да, салқынға да төтеп бере алмас… – деп терең ойлы сөздермен жауап берді.

Осыған ұқсас сөзді Сәләмә ибн Динар да айтып былай деді: «Екі көздің шүкірі – ол екеуімен жақсылықты көрсең, жариялауың, ал жамандықты көрсең, жасыруың. Ал екі құлақтың шүкірі – ол екеуімен жақсылықты тыңдасаң, көкейіңе тоқып, жамандықты тыңдасаң, (ешкімге жария етпей) ішіңе көміп тастау», – деді.

материал «Саф жүрек» кітабынан алынды, 

ummet.kz