11 Шілде 2026, Сенбі 26 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:16
Күн 04:07
Екінті 17:56
Шам 20:32
Құптан 22:23

«Естіген ілімнен пайда ала алмай жүрміз» дегенге ғалымның айтқаны

«Естіген ілімнен пайда ала алмай жүрміз» дегенге ғалымның айтқаны

Бір адам дана кісінің біріне келіп:

- Неге біз естіген ілімімізден рухани пайда ала алмай жүрміз? – деп сұраған екен. Сонда дана оған:

- Мына бес нәрсе себепті, - деп, ол бес нәрсені былайша сайып өтіпті:

  • Алла нығметін сендерге беріп жатыр, бірақ соған шүкір етпейсіңдер.
  • Қашан күнә жасап қойсаңдар, ол үшін Құдайдан кешірім тілемейсіңдер.
  • Үйренген ілімдеріңе амал жасамайсыңдар.
  • Салиқалы, әрі игі жақсылармен жолдастық құрасыңдар, бірақ оларға еліктемейсіңдер.
  • Өлілеріңді көмесіңдер, бірақ олардан ғибрат алмайсыңдар[1].

 

[1] Әбу Ләйс әс-Самарқанди: «Тәнбиһуль Ғофилин». 274-275 бет.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz