11 Шілде 2026, Сенбі 26 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:16
Күн 04:07
Екінті 17:56
Шам 20:32
Құптан 22:23

Дұға жасау әдебі: Дұға жасағанда шектен шықпау

Дұға жасау әдебі: Дұға жасағанда шектен шықпау

Ибн Сағд ибн Әбу Уаққас:

«Мен әкеммен бірге отырғанда: «Уа, Алла! Өзіңнен жәннат пен оның рахат-қызықтарын, шаттығын, анаусын-мынаусын сұраймын және Өзіңе тозақтан, оның аптап ыстығынан, анаусын-мынаусынан сиынып, пана сұраймын», деп дұға қылдым. Сонда әкем (Алла оған разы болсын): «Ей, ұлым! Мен Алла елшісінің (с.ғ.с) «Дұға жасағанда шектен шығатын қауымдар болады», - дегенін естіп едім. Сен олардың қатарынан болып жүрме. Егер саған жәннат бұйырса, оның ішіндегілердің барлығы да беріледі. Ал егер тозақтан сақталынсаң, оның ішіндегі барлық жамандықтан да аман боласың», - деді», - деген. (Әбу Дауд).

Әбу Нуғамадан жеткен риуаятта Абдуллаһ ибн Муғаффал (Алла оған разы болсын) өз ұлының: «Уа, Алла! Өзіңнен жәннатқа кірген бетте оң жақта аппақ сарай болуын сұраймын» деп дұға жасап жатқанын естіп: «Ей ұлым! Алладан жәннатты сұрап, тозағынан сақтан. Мен Алла елшісінің (с.а.с): «Бұл үмбетте тазалық пен дұғада шектен асушылар болады», - дегенін естідім», - деп айтқан. (Әбу Дауд, Ахмад).

материал «Теңдессіз дұғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz