09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

«Бізді тура жолға сала гөр…» («Фатиха», 6)

«Бізді тура жолға сала гөр…» («Фатиха», 6)

Сенің құның сен айналысып жүрген ісіңнің құнымен өлшенеді.

Егер бар уақытың дүниенің соңында өтсе – сенің құның да сол дүниенің құнына тең (сенің ешбір құның жоқ): өйткені дүние – өлексe секілді құнсыз нәрсе. Пенде ең әуелі Алладан әрдайым тура жолда болуды сұрауы тиіс.

Алла Тағала "Фатиха" сүресінде бізге былай үйретеді: «Бізді тура жолға сала көр» ("Фатиха" сүресі, 6-аят).

Алладан тура жол мен дінді берік ұстануды сұра. Тура жолда тұрақты болу – әрбір сәтіңде Алла разы болатындай өмір сүру, Пайғамбардың (оған Алланың салауаты  мен сәлемі болсын) Алла тарапынан жеткізген нәрселеріне толық иман етіп, амал ету.

Кім Аллаға махаббатын шынайы арнаса – Алла оған кеңшілік нәсіп етеді әрі құрметті қылады...

 

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz