01 Қазан 2026, Бейсенбі 20 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:09
Бесін 12:09
Екінті 16:03
Шам 17:58
Құптан 19:24

Алғысты қалай айту керек?

Алғысты қалай айту керек?

Жасаған ісі елеусіз болса да сізге жақсылық жасаған адамға сөзбен және іспен рақмет айтыңыз. Әрі алғысыңыз жүзіңізден көрініп тұрсын. Жұртқа рақмет айту – Аллаға деген шүкірліктің белгісі.


Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисте: «Адамдарға рақмет айта алмаған, Аллаға шүкіршілік ете алмайды», – дейді.

Бұл әрекетіңіз сіздің қадіріңіз бен абыройыңызды түсірмейді. Кейбір адамдар рақмет айтуды әлсіздік, дәрменсіздік деп қабылдайды. Олай емес, керісінше, адамға күш-қуат береді. Оның жағымды әсерін жұмыстың нәтижелі әрі өнімді болуынан байқайсыз.

Алғыс айтудың екінші жолы – іспен жеткізу. Жақсылық жасаған кісінің бір шаруасын жасап беру. Қиыншылыққа тап келгенде жанында болып, жәрдемдесу. Сондай-ақ өмірде үнемі жаныңда жүрген ата-анаң мен бауырларыңа, бала-шағаң мен жұбайыңа қуаныш сыйлау арқылы олардың сен үшін жасап жүрген жақсылықтарына рақмет айтқан боласың.

Бір ғажабы, алғыстың тылсым күшін психолог және басқа да әлеуметтік ғылым мамандары енді анықтап жатыр. Ал ата дініміз Исламда, шүкіршілік құлшылық пен күнделікті тұрмыста тұрақты түрде қолданылатын құрал іспетті. Шүкіршілік – иманның жартысы. Мәселен, әр таңда мұсылман адам аман-есен оянғанына шүкір етіп: «Барлық мақтау (шүкіршілік пен алғыс) біздің жанымызды алған соң (ұйықтатқаннан кейін) қайта тірілткен Аллаға тән. Әрі баршамыз Оған қайта ораламыз», – деп дұға қылады.

Сондай-ақ Алланың берген сансыз нығметтеріне дастарқанға отырғанда, бес уақыт намаздан кейін тағысын тағы тәулік бойы шүкіршілік етеміз.

материал «Мұсылман мотивациясы» кітабынан алынды,

ummet.kz