Ғата ибн Әбу Рабах (р.а.) риуаят етті: «Шаштан арқан немесе жіп есіп істесе, оның зияны жоқ»,- деді.
Иттен қалған сарқындының (ит иіскеген нәрсе) үкімі және иттің мешіттен өтуінің үкімі: Аз-Зуһрий (р.а.) айтты: «Егерде ыдыстағы суды ит иіскеген болса, дәрет алуға одан басқа су болмаса, ол сумен дәрет алса болады»,- деді. Суфян ас-Саврий (р.а.) болса: «Мына бұл үкім Құран кәрімнен алынған болып, Алла тағала: «Су табылмаса, таяммум қылыңдар" , бұл су және иттің демінде зиянды нәрселер бар,- деп айтқан»,- деді.
- Ибн Ғасим (р.а.) риуаят етті: «Ғубайдаға айттым: «Бізде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шаштары бар. Оны Әнас немесе ол кісінің үйіндегілері арқылы алу бақытына ие болдық. Менімен бірге Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір тал шашының барлығы дүние және ондағы барлық нәрселерден де артық »,- деді.
- Әнас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Хажжат ул-Уадағта шашын алдырып жатқанында бірінші болып шашынан алған кісі Әбу Талха (р.а.) болатын»,- деді.
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz