24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Құптан намазында дауысты шығарып оқу мәселесі

Құптан намазында дауысты шығарып оқу мәселесі

Әбу Рафиғ (р.а.) риуаят етті:

«Мен Әбу Хурайрамен құфтан намазын оқыдым. Сонда Әбу Хурайра құфтан намазында «Иза-с-самоу иншаққат» сүресін қираат қылып сәжде қылды. Мен бұнысының себебін сұрадым. Сонда Әбу Хурайра: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құфтанда имамдық қылғанында осы сүрені оқып сәжде қылған, мен де ұйып сәжде еткенмін, енді ол кісімен қияметте кездескенімше, осы сүрені оқып, сәжде қыла беремін»,- деп айтты».

Адий (р.а.) риуаят етті: «Мен Барраның «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сапарда жүргенінде құфтан намазының екі рәкатының бірінде «Уәттин уәз-зәйтун» сүресін оқыды»,- дегенін естігенмін»,- деді.

Әбу Рафиғ (р.а.) риуаят етті: «Мен Әбу Хурайрамен құфтан намазын оқыдым. Сонда Әбу Хурайра (р.а.) құфтан намазында «Иза-ссамоу иншаққат» сүресін қираат қылып сәжде қылды. Мен бұнысының себебін сұрадым. Сонда Әбу Хурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құфтанда имамдық қылғанында осы сүрені оқып сәжде қылған, мен де ұйып сәжде еткенмін, енді ол кісімен қияметте кездескенімше, осы сүрені оқып сәжде қыла беремін»,- деп айтты»,-деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz