24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Ғұсылы жоқ адам дәрет алып, содан соң ұйықтайды

Ғұсылы жоқ адам дәрет алып, содан соң ұйықтайды

Айша анамыз (р.а.) айтты:

«Пайғамбарымыз (р.а.) көрпе қимылынан соң ұйықтамақшы болса, алдымен намазға дәрет алғандай дәрет алып, содан кейін жататын»,- деді.

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Ғұсылсыз жатсақ болады ма?»,- деп Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә, егерде дәрет алып жатсаң болады»,- деді.

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Хазреті Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) түндерде былғанып қалу туралы айтты. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әурет жеріңді жуып дәрет ал, содан кейін ұйықта!»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz