03 Қараша 2026, Сейсенбі 23 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:05
Бесін 12:03
Екінті 15:02
Шам 16:50
Құптан 18:19

Қаза намаздары көп болған жағдайда адам не істейді?

Қаза намаздары көп болған жағдайда адам не істейді?

Қаза намаздарында ұстанатын тәртіп:


Қаза намаздарды ретімен өтеген уәжіп. Мысалы, таң намазының қазасын бесін намазына дейін, бесін намазының қазасын екінті намазына дейін оқу керек.

Мына жағдайларда қаза намаздарын тәртіппен орындау міндеті жойылады:

Қаза намаздардың саны алты не одан көп болса;

Уақыт аз болып, сол уақытта оқылатын парыз намазын орындамаған жағдайда, алдымен сол уақыттағы намазды оқу керек;

Уақыттың көп болғандығына қарамастан, қаза болған намаз есінен шығып кетіп, сол уақытта оқылатын намазды оқыған кезде.

Осы жағдайлардың бірі орын алғанда, мойнында қаза намаздары бар адам қаза жіберген намаздарын өз қалауынша оқиды.

Қаза намаздары көп болған жағдайда адам не істейді?

Егер бір мұсылман қанша намазды қаза қылғандығынан қателесіп не оның санына жете алмай қалса, ол қаза намаздарды көңілі жай тауып, мойнындағы қаза намаздардан құтылдым деген ой басым болғанға дейін орындай береді. Ол ең соңғы қаза қылған намазына немесе ең алғашқы мойнына жүктелген намаздың қазасын өтеуге ниет етіп оқиды. Намазды 

біраз уақыт оқымай кетіп, кейіннен тәубесіне келген адам үшін әр парыз намазынан кейін, сол уақытта жіберген бір немесе бірнеше намаздың қазасын өтеу жеңілірек болады. 

Кейін ғалымдар «ұзақ уақыт бойы ерініп, намазға селқос қараған адам оқымаған намаздарының қазаларын өтемейді, ол тек тәубеге келеді» деген пікірде.

Егер сүннет намаздарын немесе қаза болған парыз намаздарының бірін ғана өтеуге шамасы жетсе, ол қаза болған парыз намаздарын оқу керек. Себебі парыз сүннеттен әрдайым жоғары тұрады. Бірақ сүннет намаздарын мүлдем тастап кетуге болмайды.

материал «Фиқһ әл-ғибадат» кітабынан алынды,

ummet.kz