03
Жұма,
Мамыр

һижри

Малайзиялық Мохамед – араб әлемінің үздік қариы (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

Келантан штатында туып өскен Мохаммед қазіргі уақытта араб әлемінде қасиетті Құранды ең жақсы оқушы ретінде танымал. Оның әуезді үні тыңдарманын тәнті етеді.

Al-Arabiya-ға берген сұхбатында Юсеф Құран аяттарын алғаш рет 6 жасынан бастап оқи бастағанын, әкесі осы кезде оның мөлдір таза дауысына назар аударғанын айтады. Осыдан кейін Мохаммед Юсеф жергілікті мешітте Құран оқуды үйрене бастайды. 13 жасында Құранды өз мақамына салып көркем оқуды меңгереді.

Юсеф ізгі жолға бағыттаған әкесі мен оның кәсіби тұрғыда Құран үйренуіне жол ашқан ұстаздарына шексіз алғыс білдіреді.

Қазіргі уақытта Юсеф Исмаил сұлтан университетінің Ислам зерттеулері факультетінде оқиды. Өткен жылы ол Малайзия университеттері арасында Құран жарысынан бірінші орынды жеңіп алды.

Юсеф өз шеберлігін шыңдап, Құранды көркем оқудан әлемнің үздігі болуға үмітті. Жас қаридың Құран оқу сәтінен бейнеүзік ұсынамыз.

{youtube} iX9p8nrZYSk{/youtube}

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: