02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

«Жібек» клубы Мәуліт мейрамын атап өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы

Мұсылман жұртшылығының қасиетті Мәуліт мерекесіне орай Астана мешіттерінде ізгі шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді. «Нұр Астана» орталық мешіті жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубы және ҚМДБ-ның Жастар ісі бөлімінің әйел-қыздар секторымен бірлесе отырып «Думан» мейманханасында осы бір игі мақсатпен Мәуліт кешін өткізді.

Рухани кештің ашылу салтанатында «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан Мәуліт мерекесінің мән-маңызы жайында көпшілікке кеңірек баяндап берді. Кеш барысында осынау күннің құрметіне әртүрлі сахналық қойылымдар көрсетілді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен сыр шертетін қысқаметражды фильм де қонақтарға ерекше әсер етіп көздеріне жас үйіртті.  300-ден аса көрермен жиған рухани тәлімі мол кеште адамзаттың абзалы Мұхаммед пайғамбарға сауалат айтылып, жамағат жүрек түкпіріндегі сырлы сағыныштарын басқандай күй кешті. Суреттерді ФОТОГАЛЕРЕЯ бөлімінен көре аласыздар.

IMG 0037

IMG 0071

IMG 0097

IMG 0182

IMG 0190

IMG 0196

IMG 0205

IMG 0223

IMG 0229

IMG 0236

IMG 0255

IMG 0273

IMG 0300

IMG 0303

IMG 0395

IMG 0340

IMG 0348

IMG 0369

IMG 0389

IMG 0462

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: