10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Актуальные новости

Все новости

Новые видео

Все видео

Последние статьи

Все статьи

«Жақсылықты да, жамандықты да Алладан» деп білуді қалай түсінеміз?

«Жақсылықты да, жамандықты да Алладан» деп білуді қалай түсінеміз?

Жақ­сы ­яки жа­ман­ды, иман не­ме­се кү­пір­ді қа­лай­тын, таң­дай­тын – біз. Ал, сол іс­ті қа­ла­са, жа­ра­та­тын – Алла Та­ға­ла. Мы­са­лы, біз би­дай­ды ек­тік, со­сын жаз бойы арам шө­бін жойып, суын құй­ып қа­ра­дық де­лік.

Ал оны осы­дан кейін өсі­ре­тін, өсу ісін жа­ра­та­тын, нә­ти­же­сін бе­ре­тін Алла Та­ға­ла бол­мақ. Би­дай­ды өсі­ру­ді біз қа­ла­дық, бі­рақ би­дай­ды өсірген біз емес. Қа­лай дей­сіз бе? Біз­ге ақыл бе­ріп, би­дай егу­ді үй­рет­кен – Алла Та­ға­ла емес пе? Ал, би­дай­дың дә­нін жа­ра­тып, оны адам­ға сый­ла­ған кім? Би­дай­дың өсіп-же­ті­луі үшін қа­жет­ті то­пы­рақ­ты, топы­рақ­та­ғы әр түр­лі ми­не­рал­дар­ды, күн­ді, ауаны, су­ды жа­рат­қан кім? Тіп­ті оны егіп, суын құю үшін қо­лы­мыз­ды қи­мыл­дат­қан кім? Біз тек қи­мыл­да­ту­ды қа­лай­мыз. Қоз­ғал­ту­ға ше­шім қа­был­дап, бел бай­лай­мыз. Ал, оны қи­мыл­да­тып, қол­ға күш бе­ре­тін, бар­лық клет­ка­лар­ды бір-бі­рі­мен жал­ғай­тын, қол­да­ғы сі­ңір­ле­рі­міз бен бұл­шық ет­те­рі­міз­ді іс­ке қо­са­тын – Ұлы Алла Та­ға­ла. Егу, суару, қоп­сы­ту іс­те­рі­нен кейін еш­қай­сы­мыз би­дай­ым­ның бі­рін­ші са­ба­ғын өсі­рейін, со­сын жа­пы­ра­ғын шы­ға­рай­ын, құй­ған суым­ды әр дә­не­гі­не жет­кі­зейін, би­дай­ға мы­на ми­не­рал ке­рек, ал, мы­науы ке­рек емес деп ба­сы­мыз­ды қа­ты­рып жат­пай­мыз. Бұ­лар­дың бә­рі біз­дің ара­ла­суымыз­дан тыс Алла Та­ға­ла­ның қа­лауы жә­не жа­ра­туы ар­қы­лы іс­ке асып жа­та­ды.

Қыс­қа­сы, жақ­сы, жа­ман әр­бір ісі­міз­ді іс­теуге ниет ету, таңдау – біз­дің ен­ші­міз­де, ал оны жа­ра­ту – Ұлы Жара­ту­шы­ның қа­лауы мен құ­ді­ре­ті­не тап­сы­ры­ла­ды.

Абай ата­мыз: «Ауру­ды жа­рат­қан Құ­дай, ауырт­қан Құ­дай емес», – деп қан­дай та­ма­ша айт­қан. Яғ­ни, бір адам Құ­дай­дың қой­ған за­ңы­мен жүрмей, қыс­та же­лең тер күйін­де да­ла­ға шы­ғып ауыр­са, «Құ­дай­ым-ай, бұл ауру­ды қай­дан ға­на бе­ріп едің?» деу­ге ақы­сы бар ма? Ауру­ға се­беп бол­ған – өзі, бі­рақ сол ауру­ды жа­рат­қан – Алла Та­ға­ла.

Біз­дің әр­бір қа­ла­ған ісі­міз­ді Алла Та­ға­ла қа­ла­са ғана жү­зе­ге асы­ра­ды де­дік. Се­бе­бі біз­дің қа­лауы­мыз Алланың қа­лауы­нан рұқ­сат алмайынша қо­лы бай­лау­лықал­мақ. Сөз түйіні – Алланың қа­лауын­сыз ешнәр­се жү­зе­ге ас­пай­ды, қа­лауы­нан тыс жа­пы­рақ та сыб­дыр­ла­май­ды.

Алла Та­ға­ла «Кәһф» сү­ре­сін­де бы­лай дей­ді:

«Не нәр­се­ні де «Мен мұ­ны ер­тең іс­тей­мін» де­ме. Тек Алла қа­ла­са ға­на іс­тей­мін де...».

Ха­дис­те: «Алла Та­ға­ла не­ні қа­ла­са сол бо­ла­ды. Ал Оның қа­ла­ма­ға­ны еш­қа­шан жү­зе­ге ас­пай­ды», - делі­не­ді.

Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың жақ­сы іс­тер­ге ри­за­лы­ғы бар, ал жа­ма­ны­на жоқ. Құ­ран­да:

«Алла құл­да­ры­ның кү­пір­ге кі­руіне ра­зы бол­май­ды», «Алла Та­ға­ла ысы­рап ету­ші­лер­ді жақ­сы көрмейді» - деп жа­ман іс­тер­ге ри­за­шы­лы­ғы­ның жоқ екен­ді­гін біл­ді­рген.

Бі­рақ бұл дү­ние сынақ әлемі бол­ған­дық­тан, адам ба­ла­сы өз ер­кі­мен жа­ман­шы­лық­қа ниет ет­се, Алла Та­ға­ла қа­ла­са оны да жү­зе­ге асы­ра­ды. Кей­де адам жа­ман іс іс­теуге ниет ете­ді. Бі­рақ Алла Та­ға­ла құ­лы­ның бұ­рын іс­те­ген кей­бір жақ­сы­лық­та­рын ­яки ке­ле­шек­те іс­тей­тін із­гі­лік­те­рін ес­ке­ріп, құ­лы­ның іс­теуге ниет ет­кен жа­ман ісін бол­дырт­пауы мүм­кін. Ниет ет­кен жа­ман ісі­не ар­найы тосқауыл қой­ып, құ­лы ен­ді сү­рі­ніп, күнәнің тұң­ғиығы­на қа­рай құл­ди­лап ба­ра жат­қан­да Жа­рат­қа­ны көмек бе­ріп, кү­нә­нің бат­па­ғы­нан аман сақ­тап қа­луы мүм­кін. Мұ­ны тек Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның құ­лы­на де­ген ар­найы ра­қым­ды­лы­ғы мен мейі­рім­ді­лі­гі деп тү­сін­ген жөн. Сондай-ақ, кейбір істеген күнәларымыздың нәтижесінде Алла Тағала басымызға небір пәлекеттерді беруі де мүмкін.

Жақ­сы­лық та, жа­ман­дық та адам­ның таңдауына қа­рай Ұлы Ие­міз­дің қа­лауы мен құ­ді­ре­ті­ арқылы жүзеге аса­тын­дық­тан, «жақ­сы­лық та, жаман­дық та Алладан» деп иман ете­міз. Се­бе­бі жа­ра­ту ісі тек қа­на шек­сіз құ­ді­рет иесі Ұлы Жа­ра­ту­шы – Аллаға ға­на тән.

Құ­ран­да Алла Та­ға­ла: «Алла Та­ға­ла сен­дер­ді жә­не іс­тей­тін амал­да­рың­ды жа­рат­ты» де­се, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бір ха­ди­сін­де:

«Іс­теуші­ні жә­не оның ісін жа­ра­ту­шы – Алла Таға­ла», - деп біз­дің іс­теуге бел бай­ла­ған әр­бір ісі­міз­дің Ұлы Жа­ра­ту­шы та­ра­пы­нан жаратылғанды­ғы­ білдірілген.

материал «Имани гүл» кітабынан алынды,

ummet.kz