10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Зухр 12:25
Магриб 20:33
Иша 22:24

Тәспі (таспих) тарту қашан басталған?

Тәспі (таспих) тарту қашан басталған?

Сафия (р.анһа) анамыздың айтуы бойынша:

«Бір күні Алла елшісі менің бөлмеме кірген еді. Сол сәтте алдымда құрманың төрт дәнегі жатқан болатын. Мен олармен тәспі тартып жүргенмін. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Бұлайша тәспіні санап тартудан да абзалын үйретейін бе? – деп сұрады.

Мен: – Үйретіңізші, Алланың расулы! – дедім. Пайғамбарымыз: – Аллаға өз мақлұқтарының санындай тағзым жасаймын деп айт, – деді». Әбу Һұрайра (р.а.) былай дейді: «Екі мың жерінен түйінделген жібім бар болатын. Соны тәспі қылып басынан аяғына дейін тартып шықпайынша жатпайтынмын».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz