10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Зухр 12:25
Магриб 20:33
Иша 22:24

Сыйлық беруден жалықпайтын Жаратушыға бағытталған дұға-тілектер

Сыйлық беруден жалықпайтын Жаратушыға бағытталған дұға-тілектер

Таухидтің кемелдігінің белгісі – мұсылманның адамдардан әлдене сұраудан бас тартуы мен барлық жағдайда тек Аллаға ғана жалбарынуы, өйткені Ол Өз құлдарын Өзіне ғана өтініш-тілекпен жалбарынуға үздіксіз шақырады.

Алла Тағала: «Алладан Оның кеңшілігін сұраңдар. Шексіз Алла әр нәрсені толық Білуші», – деді.

Алла Тағала (адамдардың) өтініш-тілектерінен шаршамайды, өйткені оның қазынасы мол және таусылмайды. Алла Тағала: «Сендердің жандарыңдағы (дүниелік) таусылады, ал Алланың қасындағы мәңгі қалушы», – деген. Керісінше, Алла Тағала құлы Өзіне өтініш-тілегімен дұға жасамаса, ашуы келеді. Осы айтылғандардан кейін сыйлық беруден мезі боп шыға келетін және өтініш-тілектер ашу-ызасын тудыратын адам баласынан әлденені сұрау мүмкін бе?!

Еш уақытта ешнәрсені адамдардан сұрама. Өтініш-тілек, дұғаға есігі ашық – бір Алла ғана! Ұлы Алла ұнатпайды тілек айтпас пендесін, тілек айтсаң, ашу қысар пенделердің кеудесін, – деген адамға Алла Тағала рақым етсін!

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz