09 октября 2026, Пятница 28 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 04:57
Восход 06:22
Зухр 12:07
Магриб 17:40
Иша 19:06

Шымкент: «Пайғамбар ахлағы» кітабы жарық көрді

Шымкент: «Пайғамбар ахлағы» кітабы жарық көрді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың «Пайғамбар ахлағы» кітабының танытымы өтті.

Кітаптың тұсаукесеріне Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, наиб имам Мұсабек Ақтамберді,  дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек және ұстаздар, медресе шәкірттері қатысты.

Рухани тәрбие – Ихсан ілімі аясында жарыққа шыққан кітапқа Абдулла Жолдас, Бақдаулет Нұрматұлы, Мұхамеджан Естеміров пікір жазған.

Кітап авторы Талғат Әсембай мырза жинағын қалалық «әл-Фараби» атындағы әмбебап ғылыми кітапханасына, мешіттер мен медресе кітапханаларына үлестірілетіндігін атап өтті.