09 июля 2026, Четверг 24 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

«Сендер Оның нығметтеріне өте аз шүкіршілік қыласыңдар…» («Муминун», 78)

«Сендер Оның нығметтеріне өте аз шүкіршілік қыласыңдар…» («Муминун», 78)

«Сендер Оның нығметтеріне өте аз шүкіршілік қыласыңдар…» («Муминун» сүресі, 78-аят)

Алла Тағаланың бізге әрдайым беріп жатқан нығметтеріне үйреніп кеткеніміз соншалықты оны міндетті нәрсе деп қабылдап, шүкіршілік қылудан бас тартып кеттік.

* Қалағанымызды сатып аламыз, алайда сол ақша кім бергенін ұмытамыз.

* Барлық күш-қуатымызбен шапқылап жүреміз, алайда денсаулықты кім бергенін ұмытамыз.

* Больницалардың қасынан өткенде, амандықты кім бергенін ұмытамыз.

* Түрмелердің жанынан өткенде бостандықты кім бергенін ұмытамыз.

* Өлім мен апаттарды көріп жатамыз, алайда тыныштықты кім бергенін ұмытамыз.

* Адам баласының ең қатерлі дерті – нығметтерге еті үйреніп, оны нығмет ретінде көрмеу.

* Басындағы баспанаң – нығмет. Себебі қаншама үйсіз жүрген босқындар бар.

* Жанындағы күйеуің – нығмет. Себебі қаншама жесірлер бар.

* Секендеген балаң – нығмет. Себебі қаншама ұрпақ сүйе алмай жүргендер бар.

* Әрқашанда былай айт: “Уа, Алла өзіңе шүкіршілік қыламын”.

* Себебі шүкір еткен сайын нығметтер еселенеді.

материал «Құран хат» кітабынан алынды,

ummet.kz