26 августа 2026, Среда 13 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:34
Восход 05:13
Аср 17:09
Магриб 19:19
Иша 20:57

Президент: Бейбітшілік жолында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығы арта береді

Президент: Бейбітшілік жолында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығы арта береді

20 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бітімгершілік миссиясымен Ливанда игілікті істерін табысты аяқтаған БҰҰ-ның алғашқы қазақстандық тобы аман-есен елге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінің сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бұл туралы  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.

«Бітімгершілік миссиясымен Ливанда игілікті істерін табысты аяқтаған БҰҰ-ның алғашқы қазақстандық тобы аман-есен елге оралды. Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік жолында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығы арта береді», - деді Мемлекет басшысы.