25 августа 2026, Вторник 13 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Восход 05:11
Зухр 12:21
Аср 17:11
Магриб 19:21
Иша 20:59

Пайғамбардың (с.ғ.с.) дұғасымен ауру кісілердің сауығып кетуі

Пайғамбардың (с.ғ.с.) дұғасымен ауру кісілердің сауығып кетуі

Али (р.а.) былай дейді:

«Қатты сырқаттанып жатқан болатынмын. Жаныма дерт батып, қиналған соң: «Ей, Аллам! Егер ажалым жеткен болса мені қасыңа тезірек ал. Ал көрер жарығым таусылмаса, мені бұл сырқаттан айықтыра гөр. Егер бұл өзіңнің бір сынағың болса, онда маған сабыр бере гөр», – деп дұға тіледім.

Аузымнан осы сөздердің шығуы мұң екен, Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасыма жетіп келді де:

– Сен не айттың, – деді. Мен әлгі айтқандарымды қайталадым. Мені аяғымен жайлап қана түртіп:

– Аллам! Мынаған шипа бере гөр, – деп дұға етті. Сол күннен бері басым ауырып, балтырым сыздаған емес».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz