10 октября 2026, Суббота 29 раби-уль-ахир 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:24
Зухр 12:06
Аср 15:46
Магриб 17:38
Иша 19:03

Ою-өрнегі киімде намаз оқуға бола ма?

Ою-өрнегі киімде намаз оқуға бола ма?

Айша анамыз (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз бірде ою-өрнегі бар көйлекпен намаз оқыды. Сонда оның ою- өрнегіне көзі түсті. Намазын оқып болған соң бұрылып: «Менің бұл көйлегімді Әбу Жахмға апарып беріңіз, орнына оның ою-өрнексіз киімін (матасын) алып келіңіз, себебі бұл (ою-өрнекті) көйлек мені намазымнан жанылыстырды»,- деді.

Хишам ибн Ғұруа (р.а.) айтты: « Айша анамызға Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Намаз оқып жатқанымда киімімнің ою-өрнегіне көзім түсті. Мені намазда шатастырар деп қауіптенемін деп айтқан екен»,- деді.

Әнас айтты: «Айша анамыздың гүлді өрнекті перделері бар болатын. Оны үйінің бір жақ қабырғасына іліп қойған еді. Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): « Мына пердеді бұл жерден алып таста, себебі ондағы суреттер намаз оқыған кезімде әрдәйім көз алдымда тұрады»,- деді. (Яғни көзім түсіп, намаздан шатасамын дегені).

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды, 

ummet.kz