26 августа 2026, Среда 13 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:34
Восход 05:13
Аср 17:09
Магриб 19:19
Иша 20:57

Нәпсінің кемшілігі – жасаған істеріне өтем талап ету

Нәпсінің кемшілігі – жасаған істеріне өтем талап ету

Нәпсінің келесі кемшілігі – жасаған (ізгі, сауапты) істеріне өтем талап етуі.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:

1. Жасаған (ізгі) істерінің кемшіліксіз емес екендігін көру.
2. Жасаған ізгі істерінде ықыласының аз болғандығын көре білу.

Себебі ақылды кісі дегеніміз – әдеп һәм тақуалық тұрғысынан жасаған ізгі ісіне өтем талап етуден сырт айналған кісі. Маңдайына жазылғанның, дүниеде болсын, ақыретте болсын, міндетті түрде басына келетіндігін білгендіктен өтем талап етпейді. Сондай-ақ бұл халде оны тек ықыласы ғана алып шығатынын біледі.

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,  

ummet.kz