10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Нәпсінің кемшілігі: Өтірік айту, жалған сөйлеу

Нәпсінің кемшілігі: Өтірік айту, жалған сөйлеу

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – жалған сөйлеу.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:

Нәпсінің шыншылдыққа бейімделуіне қозғау салу.
Ел-жұрттың разылығына немесе наразылығына көңіл бөлмеу. Өйткені өтірік айтқанды жалған сөйлеуге итермелейтін дүниелер бар. Олар:

а) адамдарды риза қылу;
ә) оларға әдемі, жақсы болып көріну;
б) олардың құзырында беделді болып көріну.

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с): «Ақиқатында, шыншылдық – жақсылыққа, ал жақсылық – жәннатқа жетелейді. Өтірік – арсыздыққа, ал арсыздық – тозаққа жетелейді», – деген (Бухари).

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz