10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

Мешіт жамағатына электронды қоларба тарту етілді (фото)

Мешіт жамағатына электронды қоларба тарту етілді (фото)

Қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде тағы бір қайырымдылық шарасы орын алды.

Мешіт азаншысы Тазабек Исмаиловтың ұйытқы болуымен аты-жөні жасырын қалуды қалаған кәсіпкер азамат мешіт жамағатына электронды қоларба сыйға тартты.

Қасиетті жұмада қайырымдылық жасауды жөн санаған кәсіпкер электронды қоларбаны арнайы мешітке әкеліп, жаңа қожайынына өз қолымен табыстады.