10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Аср 17:57
Магриб 20:33
Иша 22:24

«Мейірімділік мекені» игілікке бастайды (ФОТО+ВИДЕО)

31 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінде «Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасы өтті. Көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен 40-қа жуық отбасына азық-түлік таратылды.

Мешіт ұжымының ұйытқы болуымен тұрақты түрде ұйымдастырылып жүрген ізгі шараның өтуіне  «Сауап» белсенділер тобы атсалысты. «Сауап» белсенділер тобының жанашыр да қамқор азаматтары мешіт қабырғасында өтетін көптеген қайырымдылықтардың басы-қасынан табылып, әрдайым игі істерге қолдау көрсетіп келеді.

Бүгін де жылдың соңғы күніне дөп келген «Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасында риза болған аналар «Сауап» тобы мүшелеріне, мешіт әкімшілігіне алғысын білдірді.

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

 

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1

Qaiyrymdylyq 1