10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Зухр 12:25
Магриб 20:33
Иша 22:24

Қонаев: Имамдардың алғашқы жиыны өтті

Қонаев: Имамдардың алғашқы жиыны өтті

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында жуырда ғана бас имамдық қызметке тағайындалған Мадияр Пірімқұловтың төрағалығымен алғашқы алқалы жиын өтті.

Имамдар Діни басқарма бекіткен 7 бағыт бойынша 2022 жылдың екінші  жарты  жылдығына арналған жұмыс жоспарын пысықтады. Атап айтқанда, әр бағытқа жауапты дін қызметкерлері оқу-ағарту, уағыз-насихат, уақып және қайырымдылық, насихат және қоғаммен байланыс, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану және жат ағымдармен оңалту жұмысын күшейту  жолдарын ұсынды.

Сондай-ақ бас имам жарты жылдықта және Құрбан айт мерекесінде  атқарылған  іс-шараларға  жеке-жеке  тоқталды. Одан бөлек жоғары діни білімді кадрлардың санын арттыруға басымдық беру,  медресе түлектерін  өңірлерге тарту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жиын соңында Алматы аймағы өкілдігінде 6 жыл бас имам болған Қуаныш Бақытбекұлына имамдардың атынан құрмет көрсетіліп, қазақы салтқа сай иығына шапан жапты.