24 августа 2026, Понедельник 11 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:30
Восход 05:10
Зухр 12:22
Магриб 19:23
Иша 21:02

ҚМДБ Төрағасы Татарстан президентімен сұхбаттасты (фото)

ҚМДБ Төрағасы Татарстан президентімен сұхбаттасты (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазан қаласында басталған «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» ХІІІ халықаралық экономикалық саммит аясында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен сұхбаттасты.

Сұхбат барысында Бас мүфти халықаралық іс-шараны ұйымдастырған және қазақстандық делегация үшін арнайы шақыру жіберген Татарстан басшысына алғысы мен ризашылық ниетін жеткізді.

Айта кетсек, Бас мүфти бастаған қазақстандық делегация «RUSSIA HALAL EXPO 2022» халықаралық көрмесін тамашалады.