24 августа 2026, Понедельник 11 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:30
Восход 05:10
Аср 17:13
Магриб 19:23
Иша 21:02

ҚМДБ Төрағасы әл-Азһар мешітінде болды (фото)

ҚМДБ Төрағасы әл-Азһар мешітінде болды (фото)

Бүгінгі жұмыс кестесіне орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Каирдегі әл-Азһар мешітіне зиярат жасады. Кейін осы мешітте орналасқан Пәтуа беру орталығының жұмысымен танысты.

Орталық мамандарының сөзінше, мұнда келушілердің негізгі сұрағы неке, мирас мәселелері төңірегінде. Бұл жерде сауалдарға жауап беру үшін 6 мүфти отырады. Күніне шамамен 120 адам келеді. Бас мүфти Діни басқармада шариғат және пәтуа мамандарынан құралған осындай бөлімнің бар екенін айтты.

Осыдан кейін ҚМДБ Төрағасы бастаған делегация әл-Азһар мешітіндегі Қайтпай сұлтан заманында салынған сәулетті екі мұнараның біріне барды. Сол дәуірде салынған мұнара, кіреберіс қақпадағы оюлар бұзылмай сақталған. 

Айта кетейік, әл-Азһар мешітінің іргетасын 972 жылы Мысырдағы фатимидтер әулетінің билеушісі Жауһар Ассықли әл-Муизз қалаған. Әл-Азһар – фатимидтердің Мысырда салдырған ең алғашқы ескерткіші. Бұл мешітте бір мезгілде 20 мың адам намаз оқи алады.