10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Зухр 12:25
Магриб 20:33
Иша 22:24

Кешірімді болудың дәрежелері

Кешірімді болудың дәрежелері

Кешірімділіктің үш дәрежесі бар. Олар:

Бірінші: Айыпты адамды кешіру. Айыпты адамды жазалауға күш-қауқары жете тұра, оған зиян тигізуден өзін ұстауды кешіріміліктің бірінші дәрежесіне жатқызамыз. «Өзгені кешірдім» деген адамның бойында ең азы осындай сипат көрініс табуы қажет.

Екіншісі: Қателік істеушіні кешіру, әрі кек сақтамау. Адамдардың жасаған қателігін кешіріп, соның әсерінен орына алатын кек сақтау, ашу, жек көру, сыртынан ұнамсыз сөздерді айту сияқты бүкіл жаман істерді тәрк етуді – кешірімділіктің екінші дәрежесіне жатады. Құранда Алла Тағала: «Сонда да оларды кешірім етіп, көңілге алма», - деп бұйырады. Бұл аятта Алла Тағала кешірімділіктің бірінші және екінші дәрежесін де қоса атаған.

Үшінші: Қателік істеушіні кешіріп, оған жақсылықпен жауап беру. Әдетте, адам табиғаты жамандық жасағанға жамандық жасауға, ізгілік жасағанға ізгілікпен жауап беруге бейім. Алайда, Алланың кешірімінен үміт еткен мүмін адам – жамандық жасаған адамның өзіне кешірімділік танытып, оған жақсылықпен жауап бере білуі тиіс. Құранда бізді осыған шақырып, былай дейді: «Бір жамандықтың жазасы – дәл өзіндей ғана жамандық. Ал кім кешірім етіп, жарасса, оның сыйы – Аллада. Расында, Ол залымдарды жақсы көрмейді» («Шура» сүресі, 40-аят).

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz