12 июля 2026, Воскресенье 27 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Восход 04:09
Зухр 12:25
Аср 17:56
Магриб 20:31
Иша 22:23

Қандай заттардан зекет берілмейді?

Қандай заттардан зекет берілмейді?

Күнделікті тіршілікте қолданылатын негізгі қажеттілікке жататын заттардан зекет берілмейді.

Олар:

1. Баспанасы, үй жиһаздары мен пайдаланатын құралдары;

2. Ғылым адамдарының кітаптары мен өнер адамдарының аспаптары;

3. Өзі және әйелі мен балаларына жететін бір айлық (басқа бір риуаятта бір жылдық) азық-түліктері;

4. Өзі және отбасының киетін киімдері;

5. Дәрі-дәрмектер;

6. Егістік және шаруашылықта қолданатын трактор, комбайн, мінетін көлік сияқты техника мен құрал-саймандарынан зекет алынбайды. Бірақ бұл құралдармен жалданып, ақша табатын болса тапқан ақшасынан зекет алынады.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz