24 августа 2026, Понедельник 11 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:30
Восход 05:10
Аср 17:13
Магриб 19:23
Иша 21:02

Қадір түнін ұйықтамай өткізу шарт па?

Қадір түнін ұйықтамай өткізу шарт па?

Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс.

Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес. Себебі Айша анамыз: «(Алла Елшісі) таң атқанша түнді (барлық бөлігін) намазбен өткізген емес»[1], – дейді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр қалады»[2], – деген.

Сондықтан мұсылман адам барынша осы түнді құлшылықпен өткізіп, сауаптан құр қалмауға тырысуы қажет. Ал шаршаса кішкене тынығып, кейін ары қарай құлшылығын жалғастырудың оқасы жоқ.

[1] Имам Нәсәи, №2347.

[2] Ибн Мәжә, №1649.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz