Уахаб ибн Мунабихтан келген хадисте былай делінеді:
«Алла Тағала Мұхаммадқа (с.ғ.с.) Ібілісті жіберген. «Сұрағың болса, қой», – деп әмір еткен екен. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сен кімсің?», – деп сұрайды. Ол: «Мен Ібіліспін. Алла мені саған жіберді», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Менің үмметімнің ішінде сенің қанша дұшпаның бар?», – деп сұрайды. Ібіліс: «Сенің үмметіңнің ішінде менің он бес дұшпаным бар», – деп жауап береді.
Біріншісі – өзің.
Екіншісі – әділ имам.
Үшіншісі – кішіпейіл бай.
Төртіншісі – шыншыл саудагер.
Бесіншісі – Алладан қорқатын ғалым.
Алтыншысы – насихат айтатын момын.
Жетіншісі – жүрегі мейірімді момын.
Сегізіншісі – тәубесіне берік, тәубешіл құл.
Тоғызыншысы – харамнан аулақ жүретін жүрек.
Оныншысы – үнемі жүрегін таза ұстайтын момын.
Он біріншісі – көп садақа беретін адам.
Он екіншісі – адамдармен көркем мінезбен мәміле жасайтын кісі.
Он үшіншісі – адамдарға пайдасы тиетін момын.
Он төртіншісі – Құранды үнемі оқып, оны жүрегімен көтеріп жүретін момын.
Он бесіншісі – адамдар ұйықтап жатқанда түнгі намазға тұратын момын.
Ібіліс: «Міне, мен осыларды жек көрем», – дейді (Исрайилият хабары)
Егер осы сипаттардың бірін жоғалтып алсаңыз, сақ болыңыз!
материал «Алламен сырласу» кітабынан алынды,
ummet.kz