10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Зухр 12:25
Магриб 20:33
Иша 22:24

Фиқһ және хадис ғалымын тәрбиелеген ана

Фиқһ және хадис ғалымын тәрбиелеген ана

Хадис ғылымында мұсылмандар әміршісі мәртебесіне жеткен.

Суфиян Сәуридің ғылым шыңын бағындыруда анасының еңбегі мол еді.  Суфиян – анасының жылдар бойы төккен маңдай терісінің жемісі. Ғұлама бұл жайлы: «Білім жолына түскен кезімде: «Уа, Раббым! Маған күнелтетін қаражат қажет. Ал білім болса құмға құйған су сияқты тарап бара жатты. Мен уақытымды білім алуға арнаймын деп шештім. Сонда Алладан ризық-несібемді жеткіз деп дұға еттім», – дейді.

Суфиянның анасы: «Балам! Оқы, білім ал. Мен ұршығыммен сенің наныңды тауып беремін», – деп баласының білім алуы үшін аянып қалған жоқ. Баласының қарнын тоқ, көйлегін көк етумен шектелмей үнемі ақылын айтып, білім алуға деген құштарлығын қайрап отыратын. Анасы бір сөзінде: «Балам! Егер он әріп жазып жүрегіңе үңілгенде онда тақуалығың, жұмсақтығың және байсалдығың артпаса, бұл ілімің саған пайдасынан зияны көбірек», – деген екен.  Міне, осындай ана Ислам әлеміне үлкен ғұламаны тәрбиелеп жеткізді.

материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,

ummet.kz