10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:16
Зухр 12:25
Аср 17:56
Магриб 20:32
Иша 22:23

Елбасы Конституция күнімен құттықтады

Елбасы Конституция күнімен құттықтады

Қымбатты отандастар!

Баршаңызды Қазақстан Республика­сы­ның Конституциясы күнімен құт­тық­таймын!

Еліміздің Ата Заңы уақыт сынынан сү­рінбей өтіп, тарихи дамуымыздың жал­пыұлттық бағдарын айқындауда бас­ты мәнге ие болып отырғанын дәлел­деді.  Конституция мемлекеттілігіміздің бе­рік іргетасын қалай отырып, ішкі сая­си тұрақтылықты қамтамасыз етуге жә­не Қа­зақ­стан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты. 

Ата Заңымызда жарияланған заң үс­темдігі, құқықтар мен бостан­дықтардың мүл­тіксіз сақталу қағидаттары, әлеу­меттік кепілдіктер мен жалпы адамзатқа ортақ жоғары құндылықтар әрбір азаматтың жанына жақын әрі түсінікті. 

Қазіргі кезеңдегі қоғамдық және мем­лекеттік құрылыстың консти­туциялық нормалары – бүкіл Қазақстан хал­қы үшін сенімді болашақты қам­та­масыз ететін дәйекті даму мен жаңғыру үдерістерінің негізі.

Осы мерекеге орай барша қазақ­стан­дықтарға бейбіт өмір, игі бастамалар мен бақ-береке тілеймін!