10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Зухр 12:25
Магриб 20:33
Иша 22:24

«Ел үлесі – пәтерге»: Қос отбасының қуанышы (фото)

«Ел үлесі – пәтерге»: Қос отбасының қуанышы (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған баспанаға аса мұқтаж екі отбасыға пәтер кілтін табыстады.

Наурызбай қажы Тағанұлы үй иелерін қуанышымен құттықтап: «Алла Тағала үйлеріңізді берекеге толтырып, қуаныштарыңызды еселесін. Қоныс құтты болсын. Осы үйден елімізге қызмет ететін тұлғалар шығуын нәсіп етсін!» деді.

Айта кетсек, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында берілген 531, 532-баспана Мұғалжар ауданы Ембі қаласының тұрғындары – жеті баланың анасы, жалғызбасты Гүлшат Қазбекқызы мен Венера Талғатқызына бұйырды.