10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:16
Зухр 12:25
Аср 17:56
Магриб 20:32
Иша 22:23

Дұғаның қабыл болуына не кедергі?

Дұғаның қабыл болуына не кедергі?

Дұғаның қабыл болуына не кедергі болады?

Дұғаның кедергілері:

Дұғаның қабыл болуына кедергі келтіретін нәрселер төмендегідей:

Бірінші кедергі: харамға бой алдыру, хараммен жеу, ішу, кию.

Екінші кедергі: дұғаның тез қабыл болуына деген шыдамсыздық танытып, ақырында дұғаны тастап қою.

Үшінші кедергі: асылық және тыйым салынған істерге бой ұру. Дұғаның қабыл болуына тыйым салынған шектерді бұзып, күнәларға бару кедергі болуы мүмкін.

Төртінші кедергі: Алла Тағаланың міндеттеген парыздарын орындамау. Құлшылық істерін орындаудың дұғаның қабыл болуының бір себебі десек, керісінше, мұсылманға міндеттелінген парыздарды орындамау да дұғаның қабыл болуына кедергі болып есептеледі.

Бесінші кедергі: Күнә-қателікте болу не туыстық байланыстарын үзу.

Алтыншы кедергі: Дұғаның қабыл болуы Алланың хикметімен кешігуі ықтимал. Бұл туралы бір хадисте айтылған. 

Fatua.kz