17 октября 2026, Суббота 6 джумад-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Восход 06:36
Зухр 12:05
Аср 15:32
Магриб 17:23
Иша 18:49

Бірқатар автобустың қозғалыс кестесі өзгереді

Бірқатар автобустың қозғалыс кестесі өзгереді

15 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Астанада бірқатар бағдардың қозғалыс кестесі үш ай мерзімге өзгертілді, деп хабарлайды Астана LRT компаниясына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.


15 сәуірден 1 шілдеге дейін № 2, 32 және 73 бағдарларының қозғалыс кестесі өзгереді.

Күмісбеков көшесінің С.Сейфуллиннен Абай көшесіне дейінгі аралығында жол жөнделетіндіктен осы учаскедегі автобус қозғалысы уақытша шектеледі.

№ 2 бағдар «Бал бала» балабақшасы бастапқы аялдамасынан Күмісбеков көшесі - Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Жеңіс даңғылымен солға, одан әрі Н.Тілендиев даңғылымен оңға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен жүреді.

№ 32 бағдар «Бал бала» балабақшасы бастапқы аялдамасынан Күмісбеков көшесі - Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Сарыарқа даңғылынан оңға, одан әрі Кенесары көшесіне солға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен жүреді.

№ 73 бағдар «Бал-бала» бастапқы аялдамасынан Күмісбеков көшесі мен Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Сейфуллин көшесінен тура, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қатынайды.