10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Зухр 12:25
Магриб 20:33
Иша 22:24

Бас мүфти «Әз-заһир Бейбарыс» мешітіне зиярат жасады (фото)

Бас мүфти «Әз-заһир Бейбарыс» мешітіне зиярат жасады (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына сапары барысында Каирдегі «Әз-Заһир Бейбарыс» мешітіне арнайы зиярат жасады.

Бас мүфти тарихи мешітте құран аяттарын оқып, Мысыр жерін билеген әйгілі бабамыз Бейбарыс Сұлтанның рухына дұға бағыштады. Жаратқаннан елдің амандығы мен әлемнің бейбітшілігін, тыныштығын тіледі.

Айта кетейік, Каирдегі «Әз-Заһир Бейбарыс» тарихи мешіті биыл толықтай қайта жөндеуден өтіп, маусым айында пайдалануға берілген болатын.