25 августа 2026, Вторник 12 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:32
Восход 05:11
Зухр 12:21
Аср 17:11
Магриб 19:21

Астана мешіттерінің қызметкерлері аттестаттаудан өтті (фото)

Астана мешіттерінің қызметкерлері аттестаттаудан өтті (фото)

Республикалық бас мешітте Астана қаласы мешіттерінің діни қызметкерлері аттестаттаудан өтті.

Аттестаттау тест және ауызша сұрақ-жауап бөлімдерінен тұрады. Тест бөлімінде ақида, фиқһ, Ислам тарихы және Қазақстан Республикасының заңнамасы бағыттары, ауызша сұрақ-жауап бөлімінде қирағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр, ҚМДБ-ның тұжырымдамалық құжаттары бағыттары қамтылды.

Аттестаттау іс-шарасы бұдан әрі басқа өңірлерде де жалғасын табады.