24 августа 2026, Понедельник 11 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:30
Восход 05:10
Аср 17:13
Магриб 19:23
Иша 21:02

Алланың разылына жетсең, басқа не керек?

Алланың разылына жетсең, басқа не керек?

Яхия ибн Мұғаз ар-Рази деген ғұлама бір дүниеқұмар фақиһты көріп былай депті:

«Ей, білім мен сүннетке ие болушы! Сарайларың Цезарьдың сарайындай, үйлерің Хосраудікіндей, тұратын жерің Қарун байдікіндей, дарбазаларың Толон патшанікіндей, киімдерің Жалұт патшанікіндей, мазһабтарың шайтани, жоғалтқан нәрселерің дию-перінікіндей, биліктерің перғауындікіндей, қазылық-төреліктерің парақор, жемқорлардікіндей, өлімдерің жәһили. Ал, сонда мұхаммади сипаттарың қайда?». Сосын ол былай депті:

Ей, Раббысына мінәжат етуші әр уақта

Талапкердің шын отаны жәннатта.

Жылдан жылға шегересің тәубені,

Көп жасауға кепілдігің бар ма еді?

Оразамен өткізсең егер күніңді,

Намазбенен өткізсең егер түніңді,

Азайтсаң солай ішіп-жеміңді,

Сонда ғана күшейтерсің сенімді.

Раббыңнан жетер сонда керемет,

Разылығына жетсең, басқа не керек?

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz