26 августа 2026, Среда 13 раби-уль-авваль 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 03:34
Восход 05:13
Аср 17:09
Магриб 19:19
Иша 20:57

Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?

Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?

Сұрақ: Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?

Жауап: Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан рамазанға дейін өтеу шарт емес. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде:

«Кімде-кім сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуға рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін»[1], – дей отырып, Алла қаза ету уақытын шектемей, жалпылама айтып отыр.

Сондықтан да, келесі рамазан айына дейін өтеу міндет емес. Десек те, оразаның қазасын тездетіп келесі оразаға дейін өтеп тастағаныңыз абзал [2].


[1] «Бақара» сүресі, 185-аят
[2] Бахрур Раиқ – 2/499-бет