09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Сансызбай Құрбанұлы көрермен сауалдарына жауап береді

Сансызбай Құрбанұлы көрермен сауалдарына жауап береді

Ертең, 9 қыркүйек сағат 16:00-де Діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасы мен @muftiyatkz Instagram парақшасында онлайн сұрақ-жауап эфирі өтеді.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Отбасы апталығына» орай отбасылық мәселелерге қатысты сауалдарға жауап береді.

Сіздің де отбасы, тұрмыс-салтқа қатысты сұрақтарыңыз болса, тікелей эфир барысында қоя аласыз. Онлайн сұрақ-жауап эфирін өткізіп алмаңыз!