09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Наиб мүфти имамдарға семинар өткізді (фото)

Наиб мүфти имамдарға семинар өткізді (фото)

Шымкент орталық мешітінде «Ихсан ілімі: Шариғат және пәтуа беру тағылымы» атты аймақтық діни семинары ұйымдастырылды.

Аталмыш семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Шоқанов арнайы қатысып, имамдарға дәріс оқыды. Шариғат және пәтуа беру саланың қыр-сырына тоқталған Сансызбай Құрбанұлы дәріс барысында Құран, хадис, ижмаь, қияс саласы, пәтуаның анықтамасы мен пәтуа берудің әдебі туралы қызықты мағлұматтарын бөлісті. Сондай-ақ, отбасы және ажырасу, талақ т.б. өзекті тақырыптарды қозғап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, шаһар имамдары мен дін қызметкерлері қатысты. Семинар қорытындысында С.Құрбанұлының «Пәтуа әдебі» кітабы және ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ұйытқы болуымен жарық көрген «Пәтуалар жинағы -3» кітаптары үлестірілді.